Алматыда ірі өнеркәсіп орындары индустриалды аймаққа көшіріле бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ірі өнеркәсіп орындары индустриалды аймаққа көшіріле бастады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Алатау ауданындағы индустриалды аймақта «Ырысты-АЭВРЗ» АҚ вагон өндіру және жаңғырту зауытының құрылысы басталды.
Қалалық кәсіпкерлік және идустриалдық-инновациялық даму басқармасы мен кәсіпорын арасындағы уағдаластыққа сәйкес зауыт құрылысын бастау үшін арнайы жер телімі беріледі.
Өнеркәсіп нысанын қаланың шетіне шығару қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етпек. Сондай-ақ, кәсіпорынға түрлі инфрақұрылымдық шығындарды үнемдеуге мүмкіндік туады.
Ауыр өнеркәсіпорындарын қаланың сыртына шығару «Алматы-2020 даму бағдарламасында» көзделген көп орталықтандырылған қалаға айналдыру бағытына сай жүзеге асырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар