Алматыда ірі компания төрт жыл бойы салықты толық төлемей, 8 млрд теңге «үнемдеген»

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Прокурорлар мемлекетке 8 млрд теңгенің салығын қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының прокуратурасы талдау барысында «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС-нің салықты азайту фактісін анықтады.

Аталған компанияның жыл сайын KAZ Minerals Aktogay Finance Limited холдинг компаниясына дивиденд төлеп келгені белгілі болды.

Салық заңнамасына сәйкес құн өсімінен түскен табыстар, дивиденд, сыйақылар, роялти төлем көзінен 15% мөлшерлемесі бойынша салық салуға жатады.

Алайда, салық есептілігін тексеру кезінде ЖШС жыл сайын 2018-2022 жылдар аралығында талап етілетін 15% орнына 10% бойынша салық ұстап, резидент емес ретінде сыйақы төлегенін көрсетті.

Прокуратураның талабы бойынша салық органы ЖШС қызметінде корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеудің дұрыс-бұрыстығын тексерді.

Аталған фактілер расталды, сондықтан 8,2 млрд теңге көлемінде қосымша салық есептелді.

Салық төлеуші көрсетілген соманы мемлекет кірісіне толық көлемде төледі. Мемлекет мүддесі қорғалды.


Соңғы жаңалықтар