Алматыда ірі көлемде есірткі сатушы ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ірі көлемде есірткі сатушы ұстады.

45 жастағы ер адам кешкі сағат 5-тер шамасында қолға түскен. «Арлан» арнайы жасағы мен Алатау ауданы ІІБ қызметкерлері өткізген арнайы операция барысында ер адамнан 2,97 гр  көлемінде есірткі сатып алды.

Есірткі айғақ ретінде тіркелді.

«Кейін күдіктінің үйінен 4 полиэтилен пакет ұнтақ табылды. Сот-химиялық сараптама көрсеткендей, ол зат героин болып шықты. Жалпы салмағы 4 келі 31,86 грамм», -деді Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Азамат Садыров.

Күдікті бұған дейін істі болмаған. Қазір оған қарсы ҚР ҚК 297 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар