Алматыда ірі есірткі зертханасын ашқан адам сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ірі есірткі зертханасын ашқан адам 11 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зертхана 2020 жылдың тамызында Наурызбай ауданының аумағында орналасқан бау-бақшалардың бірінен табылған еді.

«Есірткі зертханасына айналған үйден синтетикалық есірткі өндіруге арналған түрлі жабдықтар табылды. Сондай-ақ, ірі көлемде дайын өнімдер - «Мефедрон» мен а-PVP жүйкеге әсер ететін заттар тәркіленді», - деді Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Әділ Салаев.

Белгілі болғандай, полицейлердің көзіне Алматы қаласындағы транспорттық-логистикалық компаниялардың біріне синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана құралдары тиелген жүк түскен. «Жүкке» 45 жастағы К. есімді азамат тапсырыс берген. Арнайы шаралар жүргізіліп, оның заңсыз қызметі мен есірткі зертханасы анықталды.

Зертхана иесі ұсталып, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша айыпты деп танылды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Авторы: Еламан Тұрысбеков


Соңғы жаңалықтар