+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда ірі автопарктің жабылуына не себеп болды

2020 жылғы 29 маусым 14:10
Бөлісіңіз:
Алматыда ірі автопарктің жабылуына не себеп болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық мобильділік басқармасы тасымалдаушылардың бірі нарықтан не себепті кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атыраудан Шымкентке жолаушы апармақ болған 2 автобус жүргізушісі ұсталды Автобуста маска тағудан бас тартқан қызға 83 мың теңге айыппұл салынды

«АвтоТрансГаз» ЖШС қалалық мобильділік басқармасына қаңтар айында өз қызметін тоқтататынын хабарлаған. Айта кету керек, компанияның жабылуы - бұл қалыпты бизнес-процесс. Кей автобустар ауыстыруды талап етті, оған компания дайын болмады, сондықтан нарықтан кету жөнінде шешім қабылдады», - деп түсіндірді басқармадағылар.

Сонымен қатар, олардың маршруттарын жаңа автобустар сатып алу үшін басқа тасымалдаушыларға беру жоспарланған. Алайда, пандемияға байланысты қоғамдық көлікті сатып алу және жеткізу процесі кейінге қалды.

«Бүгінгі таңда компания қызмет көрсететін 12 маршрут резерв автобустары бар басқа тасымалдаушыларға берілді. Шынында да, қазір автобус жетіспеушілігі проблемасы бар, кей маршруттар желінің тек 60%-ын ғана жауып отыр. Қазір басқарма осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Сондықтан көп ұзамай мәселе шешіледі. Жаңа автобустармен қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті басқармадағылар.

Айта кетейік, қала тұрғындары желідегі автобус санының азаюына наразылық білдіріп жатыр.

Бүгін Алматыда ең ірі автопарктердің бірі «АвтоТрансГаз» ЖШС экономикалық ахуалдың кесірінен нарықтан кеткені белгілі болды. Бұл компанияның маршруттары басқа тасымалдаушыларға берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT