+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда ірі автопарк нарықтан кетті

2020 жылғы 29 маусым 11:45
Бөлісіңіз:
Алматыда ірі автопарк нарықтан кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ең ірі автопарктердің бірі «АвтоТрансГаз» ЖШС экономикалық ахуалдың кесірінен нарықтан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда демалыс күндері саяжайға баратын автобустар жүретін болды Алматыда тағы қандай көшелерде автобус жолағы пайда болады Елордада жаңа автобус бағдары іске қосылды

Бұл компанияның маршруттары басқа тасымалдаушыларға берілді.

«Құрметті жолаушылар, 16, 29, 29-р, 34, 47, 50, 85, 106, 112 және 126 бағыттар - «АлматыЭлектроТранс» ЖШС, 3 бағыт - «СитиБас» ЖШС, 107-бағыт - «Бату Тревел» ЖШС берілді, 108-бағдар әзірге жұмыс істемейді», - деп жазды Аlmaty Avtobustary .

Нарықтан ірі автопарк кетіп бара жатқанын қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов та растады.

«Бүгіннен бастап экономикалық ахуалға байланысты компания жұмысын тоқтатты. Қазір экономикалық жағдайды қарап жатырмыз. Кәсіпорынды шығаруға әлі ерте деп ойлаймын. Бұл компания қалада 12 бағытқа қызмет етеді екен. «АлматыЭлектроТранс» ЖШС күшімен резервтегі автобустарды осы маршруттарға шығардық. Бұл компанияның жүргізушілері басқа кәсіпорындарға жұмысқа шығады», - деді Ерлан Әділов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT