Алматыда интернет алаяқтарды анықтайтын арнайы топ құрылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жеңіл ақша табуды көздейтін алаяқтар халықты интернет арқылы тонауға көшкен. Алматы полициясы оның алдын алу үшін арнайы топ құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаменті интернеттегі алаяқтыққа қарсы күресті күшейту мақсатында танымал интернет-ресурстарының қауіпсіздік қызметі басшыларымен және төлем компаниялары, екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен кездесу өткізген.

«Департаментте ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Сондай-ақ, алаяқтық жарнамасы бар сайттар анықталуда, олар «Кибербақылау» жүйесі арқылы бұғаттау үшін ІІМ жіберіледі. Жыл басынан бері барлығы 457 сайт бұғатталды. Біз қоғамды ғаламтор арқылы алаяқтық жасау және алдын алу жолдары туралы үнемі хабардар етіп отырамыз», - дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сонымен қатар, ол жыл басынан бері Алматыда 2 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелгенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар