Алматыда интерактивті діни картасына 40 қоңырау түскен

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 2 жыл бұрын ашылған интерактивті діни картасына 40 қоңырау түскен. Адамдар көбінесе тіркелген заңды діни бірлестіктердің орналасу аумағын білу мақсатында хабарласып, заңсыз сатылымдағы діни әдебиеттер мен атрибуттар, миссионерлік қызметпен айналысатын күдікті тұлғалар мен бірлестіктер туралы ақпаратпен бөліскен.

«Social Development Center» қоғамдық қорының атқарушы директоры Қазтұрғанов Біржан аталған ресурстың қойылған мақсаттың үдесінен шыққанын айтты.

«Қазіргі заманауи қоғамда жастар арасында дін, діни догмат, діни нышан, діни сана-сенім, діндарлықтың табиғи және жасанды үдерісі белең алып жатыр. Бұл жердегі басты мақсат – халықтың сана-сеніміне қоғамдағы тіркелмеген діни ұйымдар мен деструктивті ағымдардың теріс ықпал әрекеттерінен дін тұрғысында максималдық және сенімді мағлұмат жеткізу. «Алматы қалалық Интерактивті діни картасы» жобасы осы мақсатпен құрылды. Бұл толықтай ақпарат енгізілген электрондық портал болып. Картада қала аумағында тіркелген барлық діни бірлестіктер туралы қажетті анықтамалар, мәліметтер (мекен-жайы, байланыс, қызметкерлері, тіркеу және қайта тіркеу күні, діни ұйымға келушілердің орташа саны туралы мәлімет), діни ғимараттар, олардың қасбеті мен интерьер суреттері, діни әдебиеттерді таратуға рұқсат етілген жерлер, Алматы қаласы төңірегінде өз қызметін жүзеге асыруға рұқсат алған миссионерлер туралы деректер көрсетілген», - деді Біржан Қазтуғанов.

Сонымен қатар, бұл ресурстың діни экстремизмнің алдын алуда ықпалы тиіп жатыр.

Кез-келген адам бүгінде religionmap.kz сайты арқылы заңсыз тұрғыда миссионерлік қызмет пен діни әдебиет таратуда және басқа да заң бұзушылықтар туралы хабарлай алады.

«Ол үшін ақпаратты стандарттық форманы толтыру керек, оның негізінде WhatsApp, Telegram және Viber сияқты немесе басқа да мессенджермен өтініш қалдыра алады. Яғни, қала тұрғындары әртүрлі радикалды идеология мен экстремистік діни іліммен күресу мақсатында деструктивті діни ағымдардың проблемалары мен құқық бұзушылықтары туралы хабардар етіп, ерікті көмекшіге айналады», - деді спикер.

Оның айтуынша, «Social Development Center» Қоғамдық Қоры жобаны жүзеге асырғалы бері 40-тан астам өтініш religionmap.kz сайтына месенджер арқылы келіп түсті. «Өтініштер Қоғамдық даму басқармасының қарауына жіберілді. Қала тұрғындары мен қонақтары белгілі немесе сол аумақта тіркелген заңды діни бірлестіктердің орналасу аумағын білу мақсатында хабарласып, заңсыз сатылымдағы діни әдебиеттер мен атрибуттар, миссионерлік қызметпен айналысатын күдікті тұлғалар мен бірлестіктер туралы ақпаратпен бөліседі. Мұндай бірегей жобаның ТМД аймағында баламасы жоқ. Адамдар арнайы хабарлама қалдырып, деструктивті ұйымдар туралы мәлімет қалдыра алады», - деді ол.

Бұл карта 2017 жылы қыркүйекте ашылған болатын.


Сарапшылардың айтуынша, діни экстремизм идеологиясының таралуына көптеген себептер мен факторлар бар. Олардың қатарында жергілікті халықтың діни сауаттының төмендігін, жергілікті тұрғындардың қала (мемлекеттер) территориясында әрекет етіп жүрген діни ұйымдардың қызметтері жайлы хабарсыздығын, ғаламтордағы деструктивті ағым мүшелерінің белсенді әрекетін атап өтуге болады. Бүгінгі күні әртүрлі радикалды және экстремистік діни ағымдардың, сонымен қатар деструктивті діни ғұрыптардың таралуы, қоғамның бейбіт дамуына және тұрақтылығына төніп тұрған ең үлкен қауіптердің бірі болып отыр. Әсіресе, қоғамда дінге деген қызығушылықтың өсуіне байланысты бұл өзекті мәселеге айналды. Алматының интерактивті діни картасы осы мәселені шешуге арналған.

Соңғы жаңалықтар