Алматыда Instagram-саудамен айналысатындардың табысы салық органдарының назарына ілінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мемлекеттік кіріс департаменті Instagram-дүкені бар саудагерлерді салық органдарына тіркеу бойынша жұмыстарды жандандыра бастады.

«Соңғы уақытта Қазақстанда интернет сауда дами бастады. Адамдар Instagram, Facebook желісінде отырып, интернет сайттары арқылы саудасын жүргізіп жатыр. Бұл сауданың бір тиімділігі - кәсіпкерге қойма іздеудің қажеті жоқ. Ал сатып алушы да дүкен аралап жүрмейді. Сонымен қатар, саудагерлер жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркелмесе де болады», - деді департаменттен.

Мекемеден хабарлағандай, соңғы уақытта бірнеше интернет-саудагер салық туралы заңнама мен бәсекелестік қағидасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 463-бабына сәйкес арнайы тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналысқан жеке тұлғаларға (егер онда қылмыстық белгілері болса) 15 АЕК есебінде айыппұл салынады немесе тауары тәркіленеді.

Соңғы жаңалықтар