Алматыда инновация саласындағы үздік сарапшылар тәжірибелерімен алмасты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Kazakhstan Technology Summit 2019 (K-Tech) халықаралық саммиті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саммит барысында инновация саласында қызмет ететін мамандар өзара тәжірибе алмасты.

«Биыл саммит дәстүрлі бизнестің трансформациясына арналды. Бүгінгі саммит банк, майнинг саласы үшін де өзекті болып отыр. Себебі, оларда цифрлық технология қамтылған. Қазір барлығымыз мобильді қолданбаларды пайдаланамыз, сондықтан басқа салалар белсенді түрде «цифрланып» жатыр», - деді «Коммеск-Өмiр» Сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Олег Ханин.

Оның айтуынша, Қазақстанда «Бизнес трансформациясы» тақырыбына қызығып жүргендер көп екен.

«Бизнес пайда әкелуі үшін барлығымыз жаңа тұтынушыларды, өнім нарығындағы жаңа мүмкіндіктер мен даму жолдарын іздейміз. Осының бәріне көмектесетін трасформация, ақпараттық технология, талдау және мәліметтер», - деді Олег Ханин.

Жиында инновация төңірегіндегі отандық және шетел сарапшылары, IT бизнестің басшылары, басқарушылары баяндама жасады. Арнайы қонақ ретінде АҚШ-тан «Сәттілікке қарсы бәсекелестік» бестселлерінің тең авторы, Harvard Business Review, Wall Street Journal, Time и Washington Post басылымдарының авторы Тедди Холл шақырылды.
null

Тедди Холдың «Дәстүрлі бизнестің трансформациясы» атты дәрісі тыңдармандардың қызығушылығын оятты. Дәрістен кейін ол қонақтардың сұрақтарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар