Алматыда индустрияландыру картасына тағы 4 жоба енді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында Индустрияландыру картасына тағы 4 жобаны қабылдау туралы шешім шығарылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы құны 4,930 млн. теңге болатын жаңа жобалар қосымша 872 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.

Осылайша, Индустрияландырудың екінші бесжылдығында аймақтық Индустрияландыру картасына жалпы құны 100,5 млрд. теңге болатын 43 нысан кірді.

Жаңа жобалардың екеуі Түрксіб ауданында, бірі Жетісу ауданында, бірі Әуезов ауданында жүзеге асырылатын болды.

Түрксіб ауданында «Алматы көпір конструкциялары зауыты» ЖШС өндіріс қуаты жаңғыртылады. 1963 жылы негізі қаланған кәсіпорын жол құрылысы саласында жүйеқұраушы кәсіпорын болып табылады.

2015 жылы «АККЗ» ЖШС-інде Индустриялды құрылыс комбинатының бірінші кезегі іске қосылды.

Сондай-ақ, HyundaiTransAuto кәсіпорнының көлік жинау өндірісі жаңғыртудан өтеді. Жоба жүзеге асырылған соң кәсіпорын FAW маркалы ауыр техникаларды жинай бастайды.

Жетісу ауданында «AGS стройиндустрия» жылу оқшаулағыш құбырларға қаптама шығаратын өндіріс іске қосылады.

Әуезов ауданында 2018 жылға дейін «Цин-Каз» ЖШС өндірісі жаңғыртылады.

Соңғы жаңалықтар