+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Алматыда індеттен ешбір медицина қызметкері қайтыс болған жоқ – Надыров

2020 жылғы 7 тамыз 17:19
Бөлісіңіз:
Алматыда індеттен ешбір медицина қызметкері қайтыс болған жоқ – Надыров

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирустан қайтыс болған медицина мамандарының отбасына берілетін өтемақы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте Қазақстанда 58 адамнан коронавирус анықталды Павлодар облысында бірнеше мектеп оқушысы коронавирус жұқтырып алды Карантин шектеулеріне қарамастан ең көп той өткізген өңірлер белгілі болды

«Біз әріптестеріміздің ертерек өтемақы алғанына мүдделіміз. Бірақ, қазір Республикалық электрондық денсаулық орталығының жасап жатқан электронды порталын күтіп отырмыз. Бұл жүйе аяқталған соң, әр маманның эпидемиологиялық картасын енгізетін боламыз. Бағана айтқанымдай, 602 адамның картасы тіркеледі. Оның 58-і ғана қазір өтемақы алды», - деді Надыров.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін дәрігерлер мен медбикелерден ешкім көз жұмған жоқ.

«Тек 2 жедел жәрдем жүргізушісі мен Орталық клиникалық аурухананың лифтері, әйел адам қайтыс болған. ҚР ДСМ бұйрығы бойынша, ауырғандарға 2 млн теңге, қайтыс болғандарға 10 млн теңге қарастырылған. Қаза болған 3 адамның отбасына қаражат беріледі», - деді басқарма басшысы.

Бұған дейін Камалжан Надыров 58 маман өтемақы алғанын айтқан болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT