Алматыда иісшіл ит үйінен кетіп қалған жасөспірімді тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қызметтік ит жоғалған жасөспірімнің ізіне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 14 жастағы А. есімді оқушының жоғалып кеткені туралы хабар 30 сәуір күні түсті.

Баланың ата-анасының айтуынша, жасөспірім бір күн бұрын жанжал кезінде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Толыққанды отбасы. Белгілі болғандай, анасы ұлына ескерту жасаған, ол соған ренжіп, үйден қашып кеткен. Ата-анасы баласын өз бетімен табуға тырысқан екен. Алайда нәтижесіз болған. Келесі күні олар полициядан көмек сұрады. Іздеуді біздің бөлімінің ювеналды полициясының қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, еріктілер және Полиция департаментінің тергеу-жедел тобы ұйымдастырды», – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Спикердің айтуынша, жасөсіпірімді іздеу тобының құрамында «Есма» атты іздеу иті болды.

«Ит үйден аялдамаға дейін алып барды. Куәгерлермен әңгімелесу арқылы оқушының автобусқа отырғандығы анықталды. Оны соңғы рет «Қалқаман» ықшамауданындағы көлік бөлшектер базарында көрген. Осы кезде Есма қайтадан ізге түсті. Ит балалар ойын алаңына алып барды. Дәл сол жерден жоғалған бала аман-есен табылды, – деді Алматы қалалық ПД кинологиялық қызмет орталығының кинолог-инспекторы Медет Жұмағали.


Соңғы жаңалықтар