Алматыда іАzamat жалпықалалық платформасы іске қосылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен ХІІ Азаматтық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында жазды .

«Алматыда Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаевамен ХІІ Азаматтық форумының жұмысын аштық. Күн тәртібінде — қала алдында тұрған міндеттерді жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылы арқылы шешу. Онлайн сессия барысында экология мен цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет пен спорт мәселелері талқыланады»,– деп жазды әкім.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев іАzamat жалпықалалық платформасының бета-нұсқасы бүгін іске қосылғанын айтты.

«Бастамаларды талқылап, мегаполисті дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін тиімді коммуникациялық алаңдардың бірі ретінде іАzamat жалпықалалық платформасының бета-нұсқасы бүгін іске қосылды. Алматылықтар қаладағы жобаларға дауыс беріп, өзекті мәселелерді көтеріп, ондағы жаңалықтарды біліп отырады. Жаңа интерактивті құрал азаматтық қоғамның басқару және шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтеді. Біздің әрқайсымыз Алматының өмірін жақсарту бойынша жаңа идеялар мен ұсыныстардың бастамашысы бола аламыз»,– деп атап өтті шаһар басшысы.


Соңғы жаңалықтар