Алматыда халықтың ЖРВИ мен тұмау жұқтыруы азайды
2022 жылғы 1 шілде 23:53

Алматыда халықтың ЖРВИ мен тұмау жұқтыруы азайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда халықтың ЖРВИ мен тұмау жұқтыруы азайды. Дегенмен әлі босаңсуға ерте. Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, биылғы алғашқы 26 аптада қалада ЖРВИ-дің 2 149 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 64,7%-ды құрады.

«Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 5 069 жағдай тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 62 % болды. Бұл статистика өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ЖРВИ-мен сырқаттанудың 2,4 есе төмендегенін көрсетеді», - деп хабарлады қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Осыған қарамастан, ведомство халықты ЖРВИ және тұмауға қарсы алдын алу шараларын сақтауға шақырды.

«ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен жанасудан аулақ болыңыз;

- ауруға шалдыққан жағдайда үйде болу, өзін-өзі емдеумен айналыспау, медицина қызметкерін шақырып, отбасы ортасында, ұжымда болған кезде маска кию, дәрігердің тағайындауы бойынша ем алу қажет;

- түшкіру мен жөтел кезінде аузыңызды қолыңызбен, майлықпен, орамалмен жауып, қолыңызды мүмкіндігінше жиі жуыңыз;

- иммундық жүйені арттыру: С витаминін және дәрігердің ұсынысы бойынша басқа дәрі-дәрімектерді қолдану;

- қашықтықты сақтау, көп адам жиналған іс-шараларға қатысуды қысқарту, әсіресе ЖРВИ, тұмау ауруының көтерілуі кезеңінде, үй-жайларды ылғалды жинау жүргізумен желдету;

- ауру балаларды мектептерге, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жібермеу қажет», - деп ескертті ведомство мамандары.

Бұған дейін Алматыда COVID-19 жұқтырғандар саны артып келе жатқанын және коронавирустың стелс-омикрон штамы тіркелгенін, сондай-ақ, Алматыға Pfizer вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілетінін хабарлаған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT