Алматыда халықты жаппай құлақтандыру жүйесі тексерілмек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 6 сәуір күні Алматыда қаладағы жаппай құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығы тексеріледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Алматы қаласының ТЖ департаменті 2017 жылғы 6 сәуірде жергілікті уақытпен 12 сағат 55 минутта құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексереді», - делінген хабарламада.

Тексеру барысында «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беру арқылы автоматты түрде теле-радио арналарында халықты құлақтандыру жүйесінің іске қосылуы да жүргізіледі 

Сонымен қатар, ТЖД-ның хабарлауынша, алдағы уақытта әр айдың бірінші бейсенбісінде сағат 12:55-те (мерекелік күнге сәйкес келген жағдайда келесі бейсенбіге ауыстырылады) құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіледі.

Осыған байланысты, Департамент қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырады. 

Соңғы жаңалықтар