Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жанып жатқан көлікті сөндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әуезов ауданы тұрғындарына қызмет көрсететін орталықтың тұрағында көлік өртенді. Өртті халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Бейнежазбада «Нива» автокөлігінің аккумуляторы жанып жатқаны айтылады.

«Отқа оранған көлік қызмет алушыға тиесілі. Әуезов ХҚКО-ның бас маманы Б. Исмаилов жанып жатқан машинаның аккумуляторын шығарып алды. Осылайша, өрт оқшауланды.

Сонымен қатар, өртті сөндіруге орталықтың басқа да мамандары атсалысты. Атап айтар болсақ, Данияр Қабылғожаев, Асқар Абайұлы, Арман Шапағат, Ердәулет Қадыров. Төрт өрт сөндіргіш құралы қолданылды «, - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар