+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығында  жүкті әйел босанып қалды

2020 жылғы 10 шілде 15:08
Бөлісіңіз:
Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығында  жүкті әйел босанып қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығында жүкті әйел босанып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК басқарушы директоры Мұрат Жұманбай Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Жетісу ауданындағы ХҚО орталығына жүкті әйел өзінің танысымен тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуге отыруға келген.

«Жүкті келіншек алдын ала түскі сағат 12:00-ге брондап қойған кезегін күтіп отырған. 10 минуттан соң оның толғағы басталып кетті. Оны көрген ХҚО басшысының міндетін уақытша атқарушы Қалмырза Сейтбеков оны бірден кабинетіне апарып, жедел жәрдем шақыртты. Жедел жәрдем көлігі келгенімен жүкті келіншекті перзентханаға жеткізуге уақыт болмады. Сөйтіп, келіншек халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының кабинетінде босанып қалды. Дүниеге қыз бала келді. Бұл отбасындағы үшінші бала екен. Құттықтаймыз!»,– деп жазды ол.

Айтпақшы, жаңа босанған келіншек өзіне қажетті қызметті алып үлгерді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT