Алматыда Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы ашылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов басқарушы директор Кристалина Георгиева бастаған ХВҚ делегациясымен бірлесіп, Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдерінде әлеуетті дамыту жөніндегі Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) өңірлік орталығын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға аймақтағы және әлем елдеріндегі орталық банктердің, халықаралық қаржы ұйымдары мен бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Алматыдағы өңірлік орталық ХВҚ-ның әлемдегі әлеуетін дамытатын 17-орталыққа айналды. Орталық төңіректегі тоғыз елде: Арменияда, Әзербайжан мен Грузияда, Қазақстанда, Қырғыз Республикасы мен Моңғолияда, Тәжікстанда және Түрікменстан мен Өзбекстанда ХВҚ қызметін үйлестіреді.

Орталықтың қызметі құзыретті жетілдіруге, тәжірибе алмасуға, мемлекеттік басқару, бюджет пен ақша-кредит саясаты, қаржы секторын дамыту саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді зерделеуге және қолдануға бағытталады.

ХВҚ өңірлік орталығын Алматыда ашу Қазақстан мен ХВҚ арасындағы көпжылдық ынтымақтастықтың жемісі саналады.


Соңғы жаңалықтар