+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Алматыда халықаралық тау фестивалі өтеді

2019 жылғы 26 тамыз 14:47
Бөлісіңіз:
Алматыда халықаралық тау фестивалі өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 28-31 тамыз аралығында « IV International Mountain Festival» тау фестивалі өтеді. Шара аясында қаланың туризм нысандарын жаяу аралауға мүмкіндік болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара қызықты бағдарламасымен ерекше болмақ: тауға жүгіріп шығып, төмен түсетін жарыстар, күндізгі және түнгі саяхаттар, ұлттық ойындар ұйымдастырылады. «Жібек жолы» этникалық жәрмеңкесі, шатырлы лагерлер, Алматы қаласының көрікті жерлерін аралауда назардан тыс қалмайды. Жарысқа қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапаталады.

2019 жылдың 28 тамызынан 31 тамызына дейін жаяу экскурсия өткізу жоспарланған.Тәжірбиелі гидтердің қатысуымен, Алматы қаласының маңызды туристік нысандарын қамтиды.

Бағдарлама маршруты: 28 - 29 тамыз «Ой - Қарағай» - «Букреев» шыңы - «Бутаковка шатқалы» - «Қимасаров шатқалы»; 29 - 30 тамыз «Қимасаров» шатқалындағы бақылау алаңына түнгі сапар; 30 тамыз, «Қимасаров шатқалы» - «Бутакова шатқалы» - «Бутаковка сарқырамасы»; 30 - 31 тамыз «Қимасаров шатқалы» - «Фурманова шыңы» - «Медеу».

Халықаралық тау фестиваліне Қазақстаннан және басқа елдерден 5 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT