Алматыда халықаралық Олимпиада барысында оқыту семинары өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда информатика пәнінен мектеп оқушылары арасындағы XXVII халықаралық Олимпиада (OIO-2015) барысында оқыту семинары өтті.

«Информатикадан оқытудың инновациялық әдістері: талдау, проблемалар мен келешегі» тақырыбында өткен семинарды ҚР БҒМ республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

Алқалы жиында Ресейден, Литвадан келген ғалымдар дәріс оқыды. Шетелдік мамандар дарынды балаларды тәрбиелеудің заманауи тәсілдері мен мұғалімдердің педагогикалық деңгейін арттыруды үздіксіз жетілдіру туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар біткен соң қатысушыларға арнайы сертификат табысталады.

Соңғы жаңалықтар