Алматыда халықаралық кәсіби теннисшілер турнирі басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кәсіби теннисшілер арасында ATP Challenger  3-ші халықаралық турнирі  басталды.  Турнирдің жүлде қоры 50 мың доллар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа әлемнің 25 елінен 100-ге жуық ойыншы келді. Олар әлемдік рейтинг бойынша үздік жүздікке енген.  Қазақстаннан белгілі теннисшілер - Александр Недовесов, Тимур Хабибуллин, Роман Хасанов және Денис Евсеев, сондай-ақ жас ойыншылар Тимофей Скатов пен Достанбек Ташбулатов та қатысуда. Чемпионат Gorky Tennis Park алаңында өтіп жатыр .

«Бұл Қазақстандағы Президент кубогынан кейінгі мәртебелі турнир. Бұған әлемнің үздік ойыншылары қатысып жатыр. Сайыс қатысушыларына жүлде қорынан бөлек «Уимблдон» сияқты әлемдік турнирге өту үшін жинайтын ұпай санының маңызы зор.  Біздің теннисшілер «US Open» турниріне қатысуды көздеп отыр.   Бәсекелестік өте жоғары болғандықтан, ойыншыларымызға оңайға соқпасы анық. Ташбулатов пен Скатов секілді жас спортшылар тәжірибе жинақтайды. Ал Хабибуллин, Недовесов және Евсеев сияқты тәжірибелі тенисшілер көп ұпай жинап, рейтингтерін көтереді. Халықаралық теннис федерациясының жоғары бағасын алып жатқанымызға қуаныштымыз. Ал жас спортшылардың жеңіске ұмтылатынына сеніміміз мол», - деді ҚР теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.
null

Соңғы жаңалықтар