Алматыда халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оңтүстік астана 15-20 қыркүйек аралығында шартараптан келетін кино майталмандарын қабылдауға әзірленуде.

Елімізде оныншы рет өткізіліп отырған ауқымды мәдени шара - Еуразия кинофестиваліне дайындық туралы ХКФ директоры Серік Жұбандықов айтты.

Оның айтуынша, «Еуразия» кинофестивалі - Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясының регламентіне сай жұмыс істеп отырған жалғыз фестиваль. 2012 жылы Ұлыбританиялық «International Film Guide» басылымы «Еуразия» кинофестивалін әлемдегі ең беделді 35 байқаудың тізіміне кіргізді.

Аталған мәдени шара арқасында әлемнің түрлі жұлдыздары Cигурни Уивер, Кевин Костнер, Стивен Сигал, Пьер Ришар, Микеле Плачидо, Катрин Денев, Орнела Мути, Жерар Депардье, Шарль Азнавур әр жылдары Қазақстанға ат басын бұрып, отандық кинематографияның даму деңгейімен танысты.

Соңғы жаңалықтар