Алматыда халықаралық бау-бақша фестивалі өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 13 мен 15 қыркүйек аралығында «ALMATY GARDEN SHOW» VII бау-бақша фестивалі ұйымдастырылады. Қазақстандағы ең ірі халықаралық ландшафт дизайны және қоршаған ортаны көркейту фестивалі биыл «қаладағы табиғат» ұранымен өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы бау-бақша фестивалі ерекше болмақ. Бұл жолы заманауи қалалық ландшафт дизайны мен бақша өнеріне ерекше мән беріледі. Көрікті, шынайы табиғат үлгісіндегі бақтар мен саябақтардың құрылуына, олардың мегаполиста алатын орны мен маңызына арналады.

Шара мемлекеттік қызметкерлердің қолдауымен өтеді. Мұнда ландшафт дизайнерлері мен сәулетшілер, келушілерге бау-бақша саласындағы жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік алады. Фестиваль аясында «көгалдандыру» көрмесі өтіп жатыр. Онда көптеген бақша өнімдері, ағаш көшеттері мен арнайы әдебиеттер ұсынылуда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальде әлемдік жетекші дизайнерлер, бағбандар мен флористердің шеберлік сыныптары өткізіледі. Қонақтар мен қатысушыларды мәдени және іскерлік бағдарлама күтіп тұр.




Соңғы жаңалықтар