Алматыда халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі өтуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «МӘҢГІЛІК БІРГЕМІЗ» атты Халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтіп жатқан көрме адамзаттың ғарышқа тұңғыш рет ұшқанына 60 жыл толуы мен Қазақстандағы «Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау» жылына арналды.

Музейдің баспасөз қызметінің мәліметінше, көрменің 2021 жылғы ресми қуыршағы Көкшетаулық шебер Анастасия Елисееваның «Гагарин. «Ғарышта тұңғыш рет» атты жұмысы болып отыр. Бұл қуыршақ биыл ғарышқа ұшқан ресейлік кино тобының құрамында болған актриса Юлия Пересильдке тапсырылатын болады. Сондай-ақ, Анастасия Елисееваның «Гагарин» топтамасынан екі жұмыс Мәскеудегі Космонавтика музейінде өтетін тақырыптық көрмеге қатысуға шақыру алды.

Айта кетейік, «Мәңгілік біргеміз» Бесінші халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі 4-14 қараша аралығында Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтеді.


Соңғы жаңалықтар