Алматыда халықаралық «Almaty Film Festival» кинофестивалі өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда алғаш рет «Almaty Film Festival» кинофестивалі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі баспасөзі мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

15-19 қыркүйекте өтетін халықаралық «Almaty Film Festival» кинофестивалінің президенті - отандық режиссер Ақан Сатаев. Кинофестивальдің ашылу салтанатында отандық және әлемдік киноиндустрия жұлдыздары «қызыл кілем» үстімен жүріп өтпек.

Қала әкімдігі баспасөзінің мәлімдеуінше,  «Almaty Film Festival» - киноматографистердің халықаралық ынтымағын дамытатын және Алматыға халықаралық жобаларды тартатын мәдени жоба.

«Конкурстың басты тақырыбы - «Мәдениетті жақындату». Шара кезінде  халықаралық кинофестивальдерге қатысқан  2018 жылдың кинокартиналары көрсетіледі. Конкурсқа екі және одан да көп жыл серіктес болған елдердің бірлесіп түсірген фильмдері жіберіледі. Конкурс фильмдері «Гран-при», «Үздік режиссерлік жұмыс үшін», «Үздік еркек рөлі үшін», «Үздік әйел рөлі үшін», «Жюридің арнайы жүлдесі» атауларымен марапатталады», - деп мәлім етті әкімдік баспасөзінен.

Сондай-ақ, қонақтар арасында және жюри құрамында халықаралық және жергілікті ассоциациялардың, дистрибьютерлік медиа компаниялардың әлемдік кинокомпаниялардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, Қазақстандық артистер мен режиссёрлар болады.

Соңғы жаңалықтар