USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Алматыда халық саны 2 миллионға жетті

2021 жылғы 7 тамыз 16:02
Бөлісіңіз:
Алматыда халық саны 2 миллионға жетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың екі миллионыншы тұрғынының есімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайының қызметкерлері эвакуацияны қалай жүргізді Алматыдағы жағдай тұрақталды – полиция департаменті Зардап шеккендердің қарызын кейінге қалдырудың 2 нұсқасы ұсынылады – агенттік

«Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазірдің өзінде қазақстандықтар 19 миллионға жетті. Ал Алматы халқының саны екі миллионнан асты!

Аяла Жамбыл екі миллионыншы тұрғын атанды. Ол полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жәнібекованың отбасындағы алтыншы қыз. Денсаулық, амандық пен бақыт тілеймін!», деп жазды Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, 3 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде халық саны 19 миллионға жеткенін жариялады.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!», - деп жазды Мемлекет басшысы.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT