Алматыда халық санағына елден сұхбат алатын 2 416 қызметкер тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда халық санағына 2 416 интервьюер тартылды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ұлттық статистика бюросы Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, Алматыда санақтың негізгі кезеңіне 2 416 интервьюер, 345 нұсқаушы-контроллер және 37 комиссар тартылды.

Сонымен қатар 146 ерікті санақ пунктеріндегі онлайн санаққа жұмылдырылды.

«Біз санаққа қатысуға жұмыссыз азаматтарды, зейнеткерлер мен студенттерді тарттық. Санақ жүргізушілер бір айға тартылады. Барлығы 104 мың теңге көлемінде жалақы алады», - деді ол.

Санақ басталған 15 күн ішінде 2 886 150 респондент онлайн-санақтан өткен.

Sanaq.gov.kz сайтында 2 487 415 адам сұраққа жауап берсе, 284 659 адам Egov порталы арқылы жауап беріпті, тағы 114 076 респондент Aitu қосымшасының көмегімен санақтан өткен.

«Санақ науқанының қорытындысы бойынша шартты түрде Әуезов ауданы бірінші орында, Алатау ауданы екінші орында және Наурызбай ауданы үздік үштікті жабады. Бостандық, Түрксіб, Алмалы аудандарындағы санаққа қатысушыларының саны шамамен тең. Медеу мен Жетісу аудандарының тұрғындарының белсенділігі сәл төмен», - дейді Айдар Әбілдабеков.

Айта кетейік, 15 қазанға дейін халық санағына онлайн режимінде қатысуға болады.

Офлайн кезең 1-30 қазан аралығында өтеді.


Соңғы жаңалықтар