Алматыда халық санағы онлайн режімде өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда келесі жылы халық санағы өтеді. Бұл процес Алматыда қалай ұйымдастырылатынын қалалық Статистика департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қаладағы демографиялық жағдай біршама тұрақты.

«2019 жылдың қарашасында Қазақстанда халық санағы жүреді. Бұл санақ ғаламтор желісін қолдану арқылы онлайн режімде жүргізіледі. Сонымен қатар, планшет арқылы халық арасында сауалнама жүргізіледі. Екі тәсіл бойынша да респонденттер өзі туралы ғана емес, отбасы мүшелері туралы да ақпарат  беретін болады. Интернет сауалнама 1-15 қараша арасында жүргізіледі. Ресурсқа «SANAQ» веб сайты арқылы кіруге болады», - деді департамент басшысы.

Қаланың шеткі аудандарында санақ науқаны басталмастан 1 ай бұрын планшет арқылы тұрғындарды тіркеу басталады.

«Сонымен қатар, 1-30 қараша аралығында интервьюрлер үйлерді екі мәрте аралап шығатын болады. Олар санақ жүргізгенде планшет қолданатын болады. Халықты тіркеу 31 қазан-1 қараша күні  түнгі 00:00 басталады. 1-9 желтоқсан аралығында жиналған ақпаратты қорытынды тексеру жүргізіледі», - деді Бағлан Қарғұлов. 

Статистика мәліметіне сүйенсек, Алматыда қазір 1 млн 839 мың адам өмір сүріп жатыр. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,2%-ға артқан.

2018 жылдың 8 айында Алматыда адам саны  36936 адамға өскен.

Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда халықтың табиғи өсімі 4,8%-ға артты.

Статистика департаменті басшысының айтуынша, алматылықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 25 жылда 8 жылға артқан. 

Соңғы жаңалықтар