Алматыда халық аты аңызға айналған «Қара майормен» қоштасуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауған соғысының ардагері, жауынгерлер арасында «Қара майор» атанған, ҚР Қарулы Күштерінің отставкадағы полковнигі Борис Керімбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Офицерлер үйінде өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марқұммен қош айтысуға оның достары, әскерилер, әріптестері келді. Одан соң 28 Панфиловшылар паркіндегі Ауған соғысында қаза болғандарға арналған ескерткіш маңында митинг өтеді.

Аты аңызға айналған қара майордың 71 жасына қараған шағында көз жұмғаны туралы бұрын хабарлаған болатынбыз.

null Борис Төкенұлы Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1970 жылы В. И. Ленин атындағы Ташкент әскери училищесін тәмамдаған. 1980-1983 жылдары Ауған соғысына қатысып, арнайы тапсырмаларды орындайтын мұсылман батальонының командирі болды. Сауатты басшылықтың арқасында батыр командирдің сарбаздары аз шығынға ұшырап, көбінесе жеңіске жетіп отырған. Пандшер шатқалында моджахедтердің атақты қолбасшысы Ахмад Шах Масудтың әскерімен соғысқан. Оның ерлігі аңызға айналып «Қара майор» деген лақап аты күллі аймаққа жайылған. 1992 жылы денсаулығына байланысты полковник шенімен отставкаға шықты. Батыр туралы «Қара майор» фильмі түсірілген.null

Соңғы жаңалықтар