Алматыда хабар-ошарсыз кеткен кішкентай қыз аман табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жоғалып кеткен 8 жастағы Белла Миронованың табылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқушы қыз Бостандық ауданы аумағынан аман-есен табылды. Ол қыдырып жүрген. Оның мектеп сөмкесі мектеп жанындағы тұрғын үйдің ауласынан табылды. Баланы аман-есен ата-анасына табыстадық»,- деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, оқушы қыздың жоғалғаны туралы ақпарат WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр.

Хабарламада кішкентай қыздың № 34 орта мектепте оқитыны жазылған.

26 сәуір күні белгісіз бағытта кеткен қыздың ата-анасы полицияға жүгінген.

Оқушыны іздеуге учаскелік инспекторлар, ювеналдық полицейлер, жедел уәкілдер мен басқа да қызметтердің қызметкерлері жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар