+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда Х Азаматтық форумның пленарлық отырысы өтіп жатыр

2021 жылғы 26 қараша 12:16
Бөлісіңіз:
Алматыда Х Азаматтық форумның пленарлық отырысы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Х Азаматтық форумның пленарлық отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы: Азаматтық қоғам құру – негізгі басымдықтың бірі ҮЕҰ-лар арасындағы «Таңдау» байқауының жеңімпаздары анықталды Дәурен Абаев Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудағы ҮЕҰ рөлін айтты

Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева қатысып жатыр.

Форумның пленарлық отырысында ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықаралық ынтымақтастық, азаматтық қоғам, экология және инклюзия мәселелері қаралады.


Пленарлық отырыстан кейін дәстүрлі «ҮЕҰ сыйлығы» тапсырылады. Бұл Үкіметтік емес ұйымдарды 15 маңызды бағыт бойынша республикалық, салалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін ынталандыруға бағытталған дәстүрлі шара.
Сонымен қатар, ҮЕҰ арасында «Таңдау» байқауының жеңімпаздары марапаталады.
Байқаудың негізгі идеясы – Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өміріне, тәуелсіздіктің орнығуы мен азаматтық қоғамның қалыптасуына үлес қосқан қазақстандық ҮЕҰ қызметінің жетістіктерін көпшілік алдында тану.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT