Алматыда «Ғылым және өмір» атты республикалық конференция өтеді

None
None
АЛМАТЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда 4-5 қаңтар күні «Ғылым және өмір» атты республикалық оқушылардың ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.

Шараны «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің «Таланттар академиясы» оқу-кеңес орталығы ұйымдастырып отыр. Конференцияның мақсаты - оқушылардың интеллектуалдық дамуына үлес қосу, жасөспірімдерді ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарына баулу және талантты оқушылардың ғылыми жетістіктерін қоғамға насихаттау. Сондай-ақ жалпы білім беру орындарындағы оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың үздік тәжірибелерін халыққа таныту.

Конференция қорытындысы бойынша жарық көретін ғылыми жинақ: математика, физика, астрономия, информатика, ақпараттық технологиялар, тарих, философия, әлеуметтану, әдебиеттану, мәдениеттану, филология, шет тілдері, психология, логикалық ойындар, химия, биология, география, экология, құқық, экономика, басқару, бизнес, кәсіпкерлік, туризм, архитектура, дизайн, музыка, қолөнер, көркемсурет салалары бойынша мақалалар енетін болады. Сондай-ақ сертификаттар мен дипломдар беріледі деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар