+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Алматыда «Ғылым ордасы» кәсіпорнының бас директоры 4 жылға сотталды

2020 жылғы 30 шілде 17:40
Бөлісіңіз:
Алматыда «Ғылым ордасы» кәсіпорнының бас директоры 4 жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылды.

Ұқсас жаңалықтар
Пандемия мұғалімдердің жұмысына қалай ықпал етті – Министр қорытындысы Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуда артта қалған оқушыларға қолдау көрсетуді сұрады Қарағандыдағы балалар үйінде робототехника және бағдарламалау мектебі ашылды

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Б.Төлтаев ғимарат ішінде түсірілім алаңын жалға бергенде пара алған.

Медеу аудандық соты 2020 жылдың 20 шілдесінде Төлтаевты 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

«Онымен бірге мекеменің бухгалтерлік есеп және қаржы-экономика қызметі бөлімінің бас экономисі А.Асылбаев 2 жылға сотталды. Бөлімнің бас есепшісі А.Абдуллина 1,6 млн теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Бұл тұлғалардың барлығына мемлекеттік қызметке жұмысқа тұруға тыйым салынды», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

Мұның алдында агенттік аталған мекеме бас директор мен қызметшілерінің ғимаратты ешбір келісімшартсыз жалға берумен айналысып жүргенін жариялаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT