Алматыда «Green Bus» жолаушылар тасымалдаушысы нарықтан кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі жолаушылар тасымалдайтын   «Green Bus» компаниясымен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір көлік реформасы аясында ең алдымен, жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға мән беріледі. «Green bus» автобустары тұрақты интервалды ең көп сақтамайтын компания екені расталды. Бұл ретте, оның қалалық бағыттардағы жалпы үлесі ең көп. Сондықтан олармен келісімді бұзуға мәжбүр болдық», - деді қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.

Хабарланғандай, жүргізілген аудит нәтижесінде компанияның қанша автобус жөндейтіні белгілі болады. Автопарктер Алматыэлектротранс компаниясына берілуде. Әкімдік «Green Bus» жүргізушілері жұмыссыз қалмайтынына сендірді.

Соңғы жаңалықтар