+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Алматыда грантқа түсу үшін өткізілетін ҰБТ ертең басталады

2021 жылғы 5 мамыр 12:19
Бөлісіңіз:
Алматыда грантқа түсу үшін өткізілетін ҰБТ ертең басталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ертең ҰБТ тапсыру басталады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық білім басқармасы жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ітлшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық оқушылардың жылқы көңінен қағаз алу жобасы халықаралық байқауда жүлдеге ілікті Екі жүзден астам ақмолалық оқушы республикалық олимпиадаға қатысуда Ақтөбе облысында оқушыларға арналған жазғы мектептер ашылады

Оның айтуынша, 6 мамыр күні биылғы және өткен жылдардағы қала мектептері түлектері арасында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында халық көп жиналатын орындарға бару қажеттілігін болдырмау үшін ҰБТ қатысу үшін түлектердің өтінішін қабылдау ұлттық тестілеу орталығының сайтында онлайн тіркеу арқылы жүзеге асады. Оған қоса бұл бітіруші республика бойынша ҰБТ тапсыратын орынды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді», - дейді ол.

Сонымен қатар ол ҰБТ тапсырудағы биылғы ерекшеліктерді атап өтті.

«Өткен жылдардағыдай емес, биыл ҰБТ өтетін орын біреу ғана. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің базасында өтеді. Тест өткізу форматы тек электронды түрде, бір тестіленуші, бір компьютер, бір камера принципі бойынша өтеді. Бір күнде 2 лек қатысады, түске дейін және түстен кейін. Отыратын орындардың ең көп саны 300 «, - деді Ақмарал Айтуарова.

Биыл ҰБТ алғаш рет наурыздан маусымға дейін өткізіліп отыр. 10 наурыз бен 26 сәуір аралығында ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін еркі бойынша өткізілген, 6 мамырдан 30 маусымға дейін білім беру грантын тағайындау үшін ҰБТ өтеді.

«Биыл алғаш рет түлектерге ҰБТ-ны екі рет тапсыру және ҰБТ-ның ең үздік нәтижесімен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу құқығы беріледі», - деді ол.

ҰБТ-ның жалпы ұзақтығы аппеляцияны есепке алғанда 4 сағат 30 минут (270 минут). Тестілеу уақыты - 240 минут. 60 минуттық тестілеуден кейін көзге арналған жаттығулар үшін үзіліс және дене шынықтыру үшін 2 минут беріледі. 120 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 15 минут үзіліс беріледі; 180 минут тестілеуден кейін көзге арналған жаттығулар мен дене шынықтыру жаттығулары үшін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT