Алматыда Горький саябағында студенттер жатақханасы салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Максим Горький атындағы орталық саябақта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері үшін жатақхана салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімідігі осы мәселеге байланысты қала тұрғындарын қоғамдық тыңдауға шақырады.

«1 наурыз таңғы сағат 10:00 кезінде Горький атындағы саябақта ашық жиналыс форматында қоғамдық тыңдау өтеді. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру қалалық жасыл экономика басқармасына жүктелген» деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Орталық саябақта 327 орынға арналған алты қабатты студенттер жатақханасы бой көтереді.

Тапсырыс беруші - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

Тұрғындар ескерту мен ұсыныстарын қоғамдық тыңдау өтетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей [email protected] электронды поштасына жолдауы керек.


Соңғы жаңалықтар