Алматыда Голливуд жұлдыздары қазақстандықтарды актерлік шеберлік пен режиссураға оқытатын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда киноиндустрия мен телемамандарды әзірлейтін білім ошағы Premier Film Academy ашылды. Сабақты Голливудтан келген мамандар жүргізетін болды.

Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында жаңа мектептің құрылтайшысы Наталья Расторопнова айтты.

Шетелдік мамандардың 1 сағаттық дәрісі 2,5 мың теңгеден 4 мың теңгеге дейін бағаланған.

Жаңа білім ордасында оқыту голливудтық әдіспен жүргізіледі. Яғни, студенттер оқу уақытының 20 пайызын теорияға арнаса, 80 пайызын практикаға бағыттайтын болады. Келушілерге жасына қарай шектеу қойылмайды.

«Қазіргі Қазақстан киноиндустриясы мамандарға тапшы. Біздің сала кино өнерінің тек режиссер ғана емес, өзге де костюмер, сценарист, оператор, монтажер сияқты мамандарға зәру. Біз сондай мамандарды аз уақыт ішінде әзірлеп шығарамыз. Оқушылардың толық телеиндустрия саласына еркін енуі үшін 100-120 сағаттық білім жеткілікті. Оқу жоспары бойынша студент 4 жоба, атап айтқанда 4 қысқа метражды фильм, 3 минуттық клип түсіретін болады», - деді Н.Расторопнова.

Premier Film Academy директоры Еркін Ырыстың айтуынша, мектепке актерлік шеберлік бойынша 7 жастан, режиссерлік шеберлік бойынша 18 жастан жоғары адамдар қабылданады.

Оларды сахналық қозғалыс, дауыс қою техникасы бойынша Питер Марчиано, актрелік шеберлік бойынша голливудтық актер Зак Ши, режиссура бойынша продюссер, сценарист сара Луиза Уилсон оқытады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқу орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар