Алматыда гидравликалық сынақ кезінде құбыр жарылып, 20 метрлік фонтан пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда гидравликалық сынақ жүргізілген учаскеде құбыр жарылып, 20 метрлік фонтан пайда болды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Алматы Жылу Холдингі» МКК ресми өкілі Ян Гирин айтты.

Панфилов-Абылайхан көшелерінің қиылысында орын алған апат жол қозғалысын едәуір тежеді.

«Диаметрі 700 мм болатын құбыр қысымның көтерілуі салдарынан бүгін сағат 15:40-та құбыр жарылды. Бұл құбыр 1988 жылы салынған. Оларды пайдалану мерзімі - 25 жыл. Биыл 26 жылға кетіп барады. Жылу тасымалдағыштың суы 30 градустан аспайды. Сондықтан жылу маусымы басталмас бұрын осындай ескі учаскелерді анықтап алу керек болды. Енді ол жаңартылып, орнына 40 жыл мерзімге шыдайтын құбыр орнатылады», - деді Ян Гирин.

Маманның айтуынша, қаладағы магистральды жылу құбырларының 54%, тарату құбырларының 60%-дан астамы ескірген.

Соңғы жаңалықтар