Алматыда гидравликалық сынақ кезінде құбыр жарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда гидравликалық сынақ шарасы кезінде жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«Медеу ауданындағы Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында жылу жүйелерін гидравликалық сынау кезінде жердің бетіне ыстық су шықты. Ол адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жоқ»,- деп хабарлады «Алматы жылу желісі» ЖШС.

Айта кетейік, жылу желісі бүгін таңғы сағат 6-лар шамасында жарылды. Оның температурасы +65 градустан асқан жоқ. Инженерлік-техникалық жұмысшылар жағдайды дер кезінде бақылауға алды.

«Жарылған құбырдың диаметрі 200 мм. Тозығы жеткен құбыр 1988 жылы төселген. Қазір мамандар істен шыққан жылу желісін ауыстырып жатыр»,- деп атап өтті компаниядағылар.

Бұған дейін «Алматы жылу желісі» кəсіпорны қаладағы құбырлардың гидравликалық сынаққа алынатынын хабарлаған болатын. https://www.kazinform.kz/kz/almatylyktarga-zhylu-zhelileri-ornalaskan-zherlerge-kolik-koymauga-kenes-berildi_a3830196

Гидравликалық сынақ қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің жағдайын бағалау және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар