Алматыда Газель өртенді (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Газель жүк көлігі өртенді. Төтенше жағдай Әл-Фараби-Меңдіқұлов көшелерінің қиылысында таңертеңгі сағат 10-дарда орын алған.

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Нұрбек Қожахметов айтты.

Оқиға орнында 1 өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеді. Өрт 11:13-те өшірілді. Аталған қиылыста жол қозғалысы қиындап, кептеліс орын алған.

Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазір оның неден тұтанғаны анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар