Алматыда Газель арыққа түсіп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан Газель көлігі арыққа құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол көлік оқиғасы Әл-Фараби көшесінде болған.

Әл-Фараби даңғылымен Газель мен Лада Ларгус көліктері бір бағытта келе жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, Лада Ларгус белгісіз себептермен Газельді арт жағынан соққан.

Соның алдарынан жүк көлігі жол шетіндегі арыққа құлап кетті.

Жол апатынан жапа шеккен Ларгус жүргізушісін жедел жәрдем алып кетті. Ал Газель жүргізушісі дін аман.

null null 
null 

Соңғы жаңалықтар