Алматыда газбен жүретін 300 автобус сатып алынды
2022 жылғы 7 шілде 15:38

Алматыда газбен жүретін 300 автобус сатып алынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын белсенді іске асыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қала экономикасының тұрақты өсуі қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,6%-ке дейін өсті.

«Осы жылдың басынан бері 16,3 мың жұмыс орны құрылды. 3,3 мың орындық 54 балабақша ашылды, 45 шақырым инженерлік желі салынды. Газбен жүретін 300 автобус сатып алынды, 145 мың ағаш отырғызылды», - деді ол.

Сонымен қатар, әкім қыркүйек айына дейін Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспары әзірленгенін жеткізді. Бұл жоспарда мегаполис пен Алматы облысы синергиясының жобалары айқындалатын болады.

«Жоғары инвестициялық белсенділік байқалады, жыл басынан бері негізгі капиталға салынатын инвестициялар 20,9%-ке өсті. Қала экономикасының негізгі саласы – сауда жыл басынан бері алғаш рет 1,7%-ке өсіп, «оң аймаққа» шықты. Осы жылдың 5 айында Алматыдағы іскерлік белсенділік индексі 4 проценттік тармаққа өсіп, мамыр айының соңында 48,7%-ті құрады. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 50%-тен астам деңгеймен оң аймаққа шығу күтіледі»,- деді ол.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT