Алматыда газ құбыры отқа оранды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда газ құбыры өртенді. Оқыс оқиға Медеу мен Талғар ауданының қиылысқан жерінде Талғар тас жолында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Магнум сауда орталығына қарама-қарсы тұста диаметрі 325 мм болатын жерасты газ құбыры лапылдап жана бастаған.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, қалалық газ қызметі жедел әрекет етіп, газ қысымы бұрамаларын бұрап үлгерді.

Алайда құбырда қалған газ жанып кетуі тиіс болды. Бұл процес қалалық Өртке қарсы қызмет өкілдерінің бақылауында жүргізілді.

Төтенше жағдайда ешкім жапа шеккен жоқ.

Мамандардың айтуынша, газ құбырында флянецтің қосылған жеріне ауа кіріп кеткен.

Құзырлы орган өкілдері апаттың салдарын жоюға кірісті.

Соңғы жаңалықтар