Алматыда газ баллонының жарылуы салдарынан 2 адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жетісу ауданындағы 16 пәтерлік үйде газ баллонының жарылуы орын алып, бір ер адам мен әйел адам жапа шекті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Оқыс оқиға салдарынан зардап шеккен екі адам түрлі дәрежедегі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, төтенше жағдай болған жерде өрттің тұтануы тіркелмеген. Оқиға орнына төтенше жағдайды ауыздықтау үшін ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 10 жеке құрам қызметшісі мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар