+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Алматыда газ баллон жарылып, екі бала жарақат алды

2019 жылғы 18 қараша 14:50
Бөлісіңіз:
Алматыда газ баллон жарылып, екі бала жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен аптада Алматыда - 5, Алматы облысында 2 жарылыс оқиғасы болды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде өткен брифингте ведомство төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің бөлімшелер полиция қызметі, жергілікті атқару органдары және еріктілер ұйымдарымен бірігіп, 72 мың тұрғын үйді тексеріп шықты. Нәтижесінде 131 482 адамға қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндірілді», - деді ол.

Оның айтуынша, қолға алынған жұмыстар жер үйлердегі өрт оқиғаларын алдыңғы аптамен салыстырғанда 35% азайтуға мүмкіндік берген.

«Өткен аптада Алматыда - 5, Алматы облысында 2 жарылыс жағдайы тіркелді. Алматы қаласындағы оқиғалардың төртеуі газ құрылғысын орнату ережелерінің, тағы бірі от жағатын пешті іске қосу талаптарының сақталмауынан болды», - дейді ол.

В.Беккердің мәліметінше, 15 қараша күні Алматы қаласындағы жер үйде газ баллоны жарылып, бір және үш жасар екі бала ауруханаға жеткізілді.

«Балалар бірінші, екінші дәрежелі күйік жарақаттарын алған. Олардың бет-жүзі мен аяқтарының 15-20% күйіп қалған», - деді ТЖК басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT