Алматыда гараж бен автокөлік өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алмалы ауданында гараж бен автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қаласының Алмалы ауданы, Ислам Кәрімов көшесі. Жеке үйдің ауласында автомобиль өртеніп, жалынның көрші ғимаратқа көшіп жатқаны байқалады. Болжаммен өрт аумағы - 200 шаршы метр», - делінген құтқарушылар хабарламасында.

Өрт сағат 15:36-де ауздықталып, сағат 15:54 толықтай сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар