Алматыда ғалымдар Төлеутай Рақымбековтің сайлауалды бағдарламасын талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» партиясы Алматыда азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде дөңгелек үстел өткізді. Жиында партия атынан президент сайлауына қатысып жатқан Төлеутай Рақымбековтің сайлауалды бағдарламасы да талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты базасында өткен шараға аграрлық сала ғалымдары, «Ауыл» ХДПП Төрағасының орынбасары Төлеген Сыдықов және партия активі қатысты. Отырыс барысында Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының директоры э.ғ.д. Алтынбек Молдашев, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, б.ғ.д. Мәсімжан Велямов баяндама жасады. Олар өз баяндамаларында азық-түлік қауіпсіздігі жаһандық мәселеге айналып бара жатқанын атап өтті.

«Нарықтық экономикадағы кез келген мемлекет азық-түлік қауіпсіздігін қорғау мәселесін алдыңғы орынға қояды. Отандық өнімдер мен экспорттық тауарлардың сапасы басты назарда болуы тиіс», - деді олар.

Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға ұлттық және аймақтық ерекшеліктерге қарай қазақстандық азық-түлік қауіпсіздігі стандарттарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, шараға қатысушылар ҚР Президенттігіне кандидат Төлеутай Рақымбековтің сайлауалды бағдарламасын талқылап, сайлауда кандидатқа қолдау білдіру жөнінде шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар