+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Алматыда ғалымдар «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми  тарихи карта жобасын талқылады

2019 жылғы 26 қараша 12:18
Бөлісіңіз:
Алматыда ғалымдар «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми  тарихи карта жобасын талқылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Алматыда этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі қазіргі әлемдік феномен ретінде» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Архимед Мұхамбетов Шоқан Уәлихановтың нақты туған жерін анықтау бойынша тапсырма берді Нұр-Сұлтанда Музейлер парады акциясы өтеді Бөгде адамның қолында болған Досжан ишанның мөрі музейге тапсырылады

Іс-шараның мақсаты – этносаралық татулық пен келісімнің қазақстандық үлгісін, қазақ халқының төзімділігінің тарихи қырларын, Қазақстан этностарының дамуы мен қазіргі жағдайын зерттеудің өзекті мәселелерін талқылау.

Ғылыми конференцияға қатысушылар, «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи карта жобасының жұмысын талқылады.

«Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасы өткен жылы іске қосылды. Бұл жобаны жүзеге асыруға Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология, География, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының ғалымдары тартылды. Бүгінгі күні порталда 16 карта және 51 этнос туралы мәліметтер бар. Тарихи карта Қазақстан халқының қалыптасуының геосаяси, экономикалық және әлеуметтік мәдени факторларын зерделеуді негізге ала отырып, ХХІ ғасырда қазақстандық қоғамның қоғамдық санасын жаңашаландыру міндеттерін шешуге бағытталған»,- дейді Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Әуезхан Шашаев.

Тарих ғылымдарының докторы Айжамал Құдайбергенованың айтуынша, интерактивті карта Қазақстан халқының қалыптасу тарихын баяндайды.

«Қазақстан көпэтникалық, көпмәдениетті және көпконфессиялы мемлекет. Ғасырлар бойы қазақтардың тарихи жерінде көптеген халықтардың тағдыры – түрлі мәдениеттер, діндер және дәстүрлер тоғысып жатты. Нәтижесінде қазір бір шаңырақ астында 130 этнос пен 40 конфессия өкілдері өмір сүріп жатыр. Бүгінде, Қазақстанда әлемдік қоғамдастықта жоғары бағаға ие болған этносарлық келісімнің өзіндік моделі орнықты»,- деп атап өтті Айжамал Құдайбергенова.

Қазақстанда тұрып жатқан этностар туралы толық ақпаратты үш тілде алуға болады (қазақ, орыс және ағылшын).

Конференцияға шетелдік және отандық ғалымдар,қоғам қайраткерлері, этномәдени орталықтардың өкілдері қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT