Алматыда ғалымдар қазақ тарихының ұлы тұлғалары туралы ой бөлісті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Ел-шежіре» Қоғамдық қоры мен «Көшпенділер Атамұрасы» Халықаралық қоғамдық қоры Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 «Мәңгілік Ел» Стратегиясы, Мемлекеттік «Мәдени мұра» және «Халық тарих толқынында» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы даланың Ұлы кемеңгерлері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

«Ел-шежіре» баспасының басты мақсаты қазақтың тарихы мен мәдени мұрасын жинақтау, ұлттық дамуымызға үлес қосқан ұлы тұлғаларды, құжаттарды тауып жарыққа шығару екенін байқап отырмыз. Осы күнге дейін қоғамдық қор қазақ қолжазбалары атты көптомдықты шығаруға ат салысты. Зиялылардың еңбектерін том-томдап шығарып келеді. Бұл қор ұлттық тәуелсіздікті баянды етуге бағытталғанын байқаймыз», - деді ҚР Ұлттық кітапхана директоры Әлібек Асқаров.

Конференцияға қатысқан тарихшылар, көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері қазақ тарихында өшпестей ізі мен өнегелі ісін қалдырған Бұқар жырау, Дарабоз Қабанбай батыр, Мамай батыр іспетті тұлғалар мен қазақтың төбе билері жайлы сөз қозғады.

«Ұлы дала өз дәуірінде көптеген Ұлы тұлғаларды батырлар мен билерді, абыз жырауларды, от ауызды орақ тілді шешендерді тарих сахнасына алып келді. Ұлы даланың даңқын көкке көтерген де, көшпенділер мұрасының жауһарларын әлемдік тарихқа енгізген де дәл осы тұлғалар. Сақ, Сармат, Ғұн, Түркі, Ұлы Ұлыстарды құраған далалықтардың даналығы бас игізеді. Шыңғыс Ханның Ұлы Мәңгі Ел Ұлысы ыдырағаннан кейін Елхан, Юань және Ұлы Ұлыс (Алтын Орда) мемлекеттері пайда болған. Кейіннен Алтын Орда бөлінген соң Қазақ Хандығы құрылды. Міне, сол мемлекеттердің заңды мұрагері ретінде біз ата-баба мұрасын дәріптеуге тиіспіз», - деді «Ел-шежіре» қорының өкілі Дәулет Әшімжан.

Соңғы жаңалықтар